Елімізде пара пауэрлифтингтен алғаш рет әлем чемпионаты өтеді
Елімізде пара пауэрлифтингтен алғаш рет әлем чемпионаты өтеді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА 24.kz-ке сілтеме жасап.
2 шілдеден басталып, 20-ына дейін жалғасатын байрақты бәсекеге 76 мемлекеттен 462 спортшы қатысады.
Қазіргі таңда әлемнің 110 елінде мүмкіндігі шектеулі жандар аталған спорт түрімен шұғылданады. Қазақстан тарапынан да пара спорт түрінің дамуына айрықша көңіл бөлініп отыр. Мысалы, 2018 жылы 4 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен еліміздегі тұңғыш Паралимпиадалық жаттығу орталығы ашылып, өз жұмысын бастады.
Әлем біріншілігі кезінде келесі, яғни 2020 жылы Токиода өтетін паралимпиадалық ойынға жолдамалар сарапқа салынады.
«Біз мемлекеттік дәрежеде спортшыларды қолдауды жалғастыра береміз. Рухы мықты жандарға ерекше ықыласымды білдіріп, алғыс айтқым келеді. Өз өмірлерімен үлгі болып жүрген спортшыларға алдағы жарыста сәттілік тілеймін», — дейді ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.