Таразда 5 ай бойы туристік автобустар xалыққа қызмет көрсетеді

0 6

Жамбыл облысы әкімдігі туризм басқармасының қолдауымен, Таразда бүгін 2 туристік автобус салтанатты түрде іске қосылды, —  деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Облыста алғаш рет қолға алынған тың жоба, 5 ай бойы халыққа қызмет көрсетеді. Жоба «Жастар жылы» аясында жүзеге асып жатыр.

Яғни экскурсиялық автобустар ең алдымен облыстағы мектеп оқушылары, колледж және де ЖОО студенттерін тегін тасымақ.

Сонымен қатар, бірінші кезекте көпбалалы отбасынан шыққан балалар мен тұрмыс жағдайы төмен отбасылардан шыққан оқушылар қамтылмақ.

Экскурсиялық автобустарды салтанатты түрде жолға шығару шарасы «Жастар аллеясында» өтті.

Аптаның демалыс күндеріне өңірдің мақтанышына айналған тарихи-мәдени ескеркіштерге сапар Туризм басқармасы бекіткен 2 бағыт бойынша жүргізіледі.

1 бағыт: Көне Тараз – Қарахан кесенесі – Дәуітбек кесенесі – Қали Жүніс мешіті – Төрткүл керуен сарайы – Қазақ хандығына -550 жыл монументі – Айша бибі кесенесі – Бабаджа хатун – Көне Тараз музейі – Ақыртас кешені.

2 бағыт: Көне Тараз музейі – Қарахан кесенесі – Дәуітбек кесенесі – Қали Жүніс моншасы – ортағасырлық Төрткүл сарай кешені – Тектұрмас кесенесі – Ақыртас сарай кешені – Көне Тараз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.