Жаңатас қаласында жел электр станциясының құрылысы басталды

0 7

Сарысу ауданы Жаңатас қаласында жел электр станциясының құрылысы басталды. Бұл Орта Азиядағы ең үлкен жел электр станциясы болмақ, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Бұл электр станциясын салу туралы келісім инвесторлармен 2013 жылдың мамыр айында жүргізілген болатын.

Қазіргі таңда бағаналарды орнату жұмыстарына мамандардан бөлек, жергілікті тұрғындардан 300-ге жуық адам тартылған. Жобаның жалпы құны — 130 млн. доллар. Қуаттылығы — 100 мегаватт.

Орта Азиядағы ең үлкен жел электр станциясы саналатын бұл нысанның құрылысы 2020 жылы толық аяқталып, 40 адам тұрақты жұмыс істейді деп жоспарлануда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.