Таразда ұялы телефон ұрысы қолға түсті

0 0

Жамбылдық полицейлер ұялы телефон ұрлығымен айналысқан адамды ұстады, — деп хабарлайды «ZhambylNews»  АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

4 шілдеде Тараз қаласының полиция басқармасына облыс орталығының тұрғынынан белгісіз адамның «Samsung Galaxy J4» маркалы ұялы телефонын қоңырау шалу үшін сұрап алып, қашып кеткені туралы арыз түсті. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Тараз қаласы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері 23 жастағы азаматты құрықтады. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Күдікті бұдан басқа да тонау оқиғаларын жасағанын мойындады. Атап айтқанда, 2019 жылдың 14 маусымында «Samsung Galaxy J1» және «iPhone 5» телефондарын ашық түрде тартып алып, қашып кеткен. Ал келесі күні қоңырау шалу үшін біреудің «iPhone 7 Plus» маркалы телефонын сұрап, оны да әкетіп қалған. Сондай-ақ, 17 маусым күні 18 жасар қыздың «Samsung Galaxy J5» маркалы телефонын алып қойған» делінген ведомство хабарламасында.

Бүгінгі таңда аталған деректер бойынша Қылмыстық кодекстің 191-бабы 2-бөлігімен бірнеше рет тонау сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.