Жамбыл облысында қала көшелерінде инженерлік-инфрақұрылым жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізіп отырған мердігерлердің жұмыстарында орын алған олқылықтар бойынша тексеру жүргізілді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Тексеру қорытындысы бойынша Абай даңғылы мен Суханбаев көшесінің қиылысындағы асфальт жабынын қазғаны үшін М2 жылу магистральін ауыстыру жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер «Корпорация Жилстрой-Тараз» ЖШС-не «ҚР Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы Заңының»130 бабының 1 тармағына сәйкес 21 000 теңге айыппұл салынды.
Сондай-ақ Төле би даңғылы мен Сыпатай батыр көшесінің қиылысындағы асфальт жабының қазғаны үшін «Даму» ЖШС-не «ҚР Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы Заңының»130 бабының 1 тармағына сәйкес 50 500 теңге айыппұл салынды.