Жамбыл облысында есептік кезеңде қылмыстық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру кезінде заңдылық пен әділдік негізгі векторлар болып табылады. Бұл туралы ӨКҚ алаңында Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрмұхаммат Абидов атап өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Жамбыл облысының соттарымен 1115 қылмыстық істер қаралып аяқталды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 120 іске артық, қылмыстық істерді қарайтын судьялардың жүктемесі 4,4-тен 5,3-ке дейін өсті. Сондай-ақ үкім шығарумен 722 іске қарсы көбірек 866 іс қаралды. Түрлі негіздер бойынша 162 іс қысқартылып, 76 қылмыстық іс прокурорға қайтарылды.
Медиаторларды тарта отырып, сотқа дейінгі өндіріс сатысында 113 қылмыстық іс тоқтатылды, өткен кезеңде 118 болған.
Облыс соттары есепті кезеңде 17 адамды ақтады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда шамамен дәл жартысына азайған, өткен жылы 33 адам ақталған болатын. 15 жеке айыптау ісі және 2 көпшілік алдындағы айыптау ісі бойынша ақтау үкімдері шығарылды.