Тараздағы ЖД- 158/7 мекемесінде «қақпа алдында кездесу» ұйымдастырылды

0 28

Тараздағы ЖД- 158/7 мекемесінде Тараздық азамат Сергей Себелдин жазасын толықтай өтеп, бостандыққа шықты. Кешенді шара аясында «қақпа алдында кездесу» ұйымдастырылса, оған түрлі сала өкілдері шақырылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Оңалу оңайға соғып, дер кезінде көрсетілген әлеуметтік-психологиялық көмектің нәтижесінде сотталғандарға қоғамға қайта сіңісіп кету жеңілдей түсті.2017-2019 жылдарға қабылданған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтуға арналған кешенді стратегия өз өміршеңдігін дәлелдей түсуде.

Құқықтық кеңестер беріліп, жеңілдіктерді тиімді пайдаланудың жолдары нұсқалды. Пробация қызметі, жұмыспен қамту орталықтарының мамандары алдағы уақытта бұл азаматпен тығыз байланыс орнатып, екі қолға бір күрек тауып береміз деп отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.