Тараз қаласында ЖД-158/7 мекемесінде  «Қақпа алдында кездесу» ұйымдастырылды

0 17

Тараз қаласында ЖД-158/7 мекемесінде  «Қақпа алдында кездесу» ұйымдастырылды ,  — деп хабарлайды  «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Бостандыққа қадам басқан қос бірдей сотталған бағдарламаның шарапатын көріп, абақты қақпасынан туыс,дос-жарандарымен қатар түрлі сала өкілдері қарсы алып, түзеудің түп жолын таңдағандарға жол сілтеді. Олардың қатарында учаскелік полицей, пробация қызметі, жұмыспен қамту орталығы, сотталғандардың құқығын қорғаушы «Феникс» қоғамдық бірлестігінің өкілдері болды.

Мамандар талапқа сай тиісті әлуметтік қолдау түрлерімен таныстырып, қол жеткізу мақсатында жадынама ұсынды. Алдағы уақытта тар қапастан босап шыққандар қоғамнан қалыс қалмай, әлеуметтік ортаға бейімделуіне көп күш жұмсалып, атқарылатын жұмыс аз емес.

Айтулы көмекке қол жеткізгені үшін жақындары да ризалышығын жасырмады. Айта кетелік, жыл басынан бері кешенді бағдарлама аясында ЖД-158/7 мекемесінен босап шыққан  5 азаматқа әлеуметтік көмек көрсетілген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.