Талас ауданында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

0 7

Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен Талас ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен «Сөзден-іске» жобасы аясында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті ,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жәрмеңкенің мақсаты «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру, жұмыссыз жастарға жұмысқа орналасуға көмектесу.

Талас ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының негізгі бағыттарының бірі — «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын»іске асыру.

Аталған бағдарламаның мақсаты халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту болып табылады. Бағдарламаның мақсаты мен индикаторларына қол жеткізу үшін жұмыс үш бағыт бойынша жүргізіледі. Атап айтқанда, бірінші бағыт: бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету. Екінші бағыт: жаппай кәсіпкерлікті дамыту. Үшінші бағыт: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы.

Бүгінгі жәрмеңкеде 53 жұмыс берушілер 125 бос жұмыс орындарын ұсынып отыр. Сонымен қатар, жәрмеңкеге қайырылған азаматтарға «Еңбек» бағдарламасы аясында жастар практикасы, ақылы қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары, кәсіптік оқыту, шағын несие алу бойынша халыққа кеңес беру ұйымдастырылады.

Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде 530 адам өтініш білдіріп, 531 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Оның ішінде: тұрақты жұмыс орындарына -206, жастар тәжірибесіне -43, әлеуметтік жұмыс орындарына-82, қоғамдық жұмыс орындарына-200 адам жолданды.

Жәрмеңкеде ауданның 53 жұмыс берушілері 125 бос жұмыс орындарын, солтүстік және шығыс өңірлерінің (Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары) 3348 бос жұмыс орындары ұсынылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.