NIS Тараз оқушылары жалпыРесейлік зерттеу жұмыстары байқауының лауреаттары атанды

0 7

Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Аружан Кенешбекова мен Юлия Хан В.Вернадский атындағы жалпыресейлік жасөспірімдер зерттеу жұмыстары байқауының лауреаттары атағына ие болды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Байқауда 12 сынып оқушысы Аружан «Жамбыл металл құрылымдар зауыты – Имсталькон» ЖШС қалдықтарынан жасалған феррит кобальт негізіндегі магнитті ұнтақ өндірісі» атты зерттеу жұмысын ұсынды.
– Менің жобам болашақта қатерлі ісікті емдеуде көмекші болатын феррит кобальт магнитті ұнтағын алу тәсілін зерттеуге арналған. Аталған технологияны Жамбыл облысының мүмкіндігі аясында жасауға болады. Жобаның басты ерекшелігі осында, – деді А.Кенешбекова. Оқушының тәлімгерлері химия пәні мұғалімдері Станислав Котов пен Ғазиза Жүсіпназарова.

10 сыныпта оқитын Юлия Хан «Өнер және әдебиет» бағыты бойынша «В.Т.Тихомированың проективті графикасы» жобалық жұмысы үшін байқаудың жоғары марапатына ие болды. Юлияның жұмысына мектептің өнер пәні мұғалімі Елена Пак жетекшілік еткен.

– Жұмысыма отандық суретшілердің шығармашылығы арқау болды. Қазақстанның өнер саласы мен 21 ғасыр абстракционизмінің жаңа бағыттары туралы көбірек білдім. Сондай-ақ, заманауи өнерге деген көзқарасым өзгерді, – деді жас суретші.

Leave A Reply

Your email address will not be published.