Халыққа қолдау-Мемлекеттің басты жұмыс бағыты

0 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 27сәуірдегі мәлімдемесін оқып, көкейкесті мәселелер шешімін тауып,сонымен қатар болашақта атқарылатын жұмыс жоспары да қуантып отырғаны сөзсіз. Мәлімдемеде Мемлекет басшысы барлық сала,әрбір адамның мұң-мұқтажын ескеріп отырғаны көрініп-ақ тұрғаны.Карантин жарияланған бері мемлекет тарапынан,жалпы жұмыссыз отырған әр адамға, оның ішінде көпбалалы, жарымжан,тұрмысы төмен отбасыларға жасалынып жатқан көмек уақытында көрсетіліп, қиындықтан шығуға оң әсерін тигізіп жатқанын көріп, біліп жүрміз.Уақытында еңгізген сақтық шаралары арқасында тосқауыл қойылып,ұшығып кетіп жатқан жоқ.

Сақтық шараларын қатаң сақтай келе, аса ауыр халде қалған орта және шағын бизнес, ауылшаруашылық секторына жағдай жасау, жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беру,төрт қабырғада қамалып отырған қала тұрғындарына(әсіресе балалар үшін)алаңдардың ашылуы,медицинаны дамыту, перспективалық жоспар жасау, сақтық шараларын күшейту, осының бәрлығы еліміздің амандығы мен саулығына бағышталған жұмыстар. Президенттің»қол жеткізген нәтижемен шектелуге болмайды» дегені әлі де қыруар шаралардың атқарылатын айтып тұр.

Өз сөзін «Береке басы -бірлікте.. Жұдырықтай жұмылсақ… жеңеміз!» деген сөзіне, біз батыр елдің ұрпағымыз, біз жеңіске жетуге тиіспіз, біз бәрін де жеңеміз!-дей келе, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа зор денсаулық,күш-қайрат, жігерлік тілеймін! Біз біргеміз!

Зәйтуна Оразалиева-аудандық мәслихат депутаты, Қарақыстақ ауылдық мәдениет үйі меңгерушісі

Leave A Reply

Your email address will not be published.