Ұлтаралық татулық пен ауызбіршіліктің арқасында еліміз қиын кезеңдерді артқа тастап, жаңғырудың жаңа белесіне көтеріліп, тәуелсіздігін нығайтты.
Жас тәуелсіз еліміз үшін биылғы жыл да өсіп-өркендеу, саяси өрлеу жолындағы елеулі оқиғалармен басталды. Биыл-ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы, ұлы ақын Абайдың 175 жылдық мерейтойы, Алтын Орданың 750 жылдығы, Ұлы Жеңістің 75 жылдығы, Қазақстан Халықтары Ассамблеясының 25 жылдығы аталуда.
Ұлтаралық татулығымыздың дамуына өзіндік үлесін қосып, сол бірліктің ұйытқысы болып отырған, ынтымағы мен бірлігі жарасқан Тұрар Рысқұлов ауданында 20-дан астам түрлі этнос өкілдері бір кісідей жұмылып еңбек етуде. Нақты айтсақ, бүгінде аудан халқының 6,6 пайызын өзге ұлт өкілдері құрайды.Төрт этномәдени бірлестік бар,онда ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрып,өнерлері ұмытылмай насихатталуда.
Еңбекте де қоғамдық өмірде де мол табыстарға қол жеткізуде аудан жұртшылығы да қажырлы еңбектерімен, ауызбіршіліктерімен өзіндік үлес қосып келеді. Еліміздің өркендеуімен бірге аудан экономикасы да ілгері басуда. «Сударушка» халықтық фольклорлық ансамблі облысқа танымал шығармашыл ұжым болса, Шешен-қарашай этномәдени бірлестігі мүшелері бар салада жетістігімен танылған. Шешен ұлты өкілі С.Ахаев сынды жомарт азамат үздіксіз қайырымдылық жасаумен ел алғысына бөленіп жүр.
Еңбекте де ел мақтанышы болған Л.П.Левицкая,Л.А.Федорова,В.Ю.Серго,В.Н.Серго, Г.Д.Торохтий сынды әр сала мамандарын ерекше атауға болады.
Достық пен татулық мерекесі құтты болсын!