Мойынқұм ауданындағы кәсіпорындардың өнімдеріне шетелдіктердің де сұранысы жоғары

0 7

Мойынқұмда өндірілетін гранит пен балық өнімдеріне шетелдіктердің сұранысы жоғары. Бүгінгі таңда аудандағы кәсіпорындар шығарған өнімдерін көршілес қырғыз бен алыс-жақын шетелдерге тасмалдауда, — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Жамбыл облысының ең шалғай ауданы саналатын Мойынқұмда бүгінде бірқатар кәсіпорындар жұмыс істеп тұр. Екі бірдей цемент зауыты, балық және гранит тастарын шығаратын өндіріс орындары тағы бар. Апта барысында аудан әкімі Мәден Мұсаев олардың бірқатарына арнайы барып, тыныс-тіршілігімен танысты.
Аудан басшысы алдымен Мирный ауылындағы гранит тастардан әр түрлі бордюр, плита, брусчатка шығаратын «Оргстрой» ЖШС-де болды. Аталған мекеме 2016 жылдан бері өз өнімін шығарып, Астана, Алматы басқа да қалаларға жөнелтуде. Мекемеде 80 адам жұмыс істейді.
-Бастапқыда тек мәрмәрдан жасалған санаулы өнімдер шығаратынбыз. Қазір оған қабырға блоктары мен тақтайшалар қосылды. Сұраныс та жаман емес. Жұмысшылардың барлығы жергілікті тұрғындар,-дейді Ғылымхан Қали.
Қазақстан емес өнімдерін шет елдік нарыққа шығарып жатқан кәсіпорынның бірі-балық зауыты.
— Балық зауытында өткен жылы қосымша құрылыстар соғылған. Ал, биылғы жылы жаңа жабдықтар алынады. Мұнда балық аулаумен 4 бригада айналысады. Зауытта 90 адам жұмыс істейді. Зауыт өнімдері өз елімізден басқа, шет елдерге де шығарылып жатыр. Бірақ, балық аулайтын айдындардың көлемін ұлғайтып, квота берілсе дұрыс болар еді, — дейді зауыт директоры Сергей Ни.

Ал өткен жылы 1,542 мың тонна цемент өндірген «Мыңарал» цемент зауытын жұмысы бүгінде бір ізге түскен. Инвестиция тартуда алдыңғы қатарда деуге болады. Осыған дейін зауыт басшылығы тарапынан көтерілген теміржол вагондарының жеткіліксіздігі де өз шешімін тауыпты. Аудан әкімі енді тек кәсіпорынның қуаттылығын төмендетпеу керектігін тілге тиек етті.

Цемент зауытының іске қосылып, жұмыс істеп жатқанына биыл он жыл болады екен. Осы уақыт аралығында ауданға салық түсімдері, құрылыс саласына да көп үлес қосты. Әлеуметтік салаға да ат салысып келеді. Алдағы уақытта да осылай жалғастыра беріңіздер. Біз сіздермен тығыз байланыста жұмыс істейміз. Бұл ретте алдымен айтарымыз біздің аудан аймағында тұратын мекемелер аудан есебінде тіркелгені жөн. Сондықтан, бүгінде басқа облыс есебіндегі «Шығыс кен басқармасы», «BT-INVEST», «Рудгормаш» ЖШС аудан есебіне тіркеліп, салықты біздің ауданға түсіргендері дұрыс болады,- деді аудан әкімі Мәден Мұсаев

Leave A Reply

Your email address will not be published.