Қазақстан – құшағын кеңге жайған мерейлі мекен

0 2

Күні кеше президентіміздің «Комсомольская правда» газетіне берген сұхбаты шықты. Өзекті мәселелер талқыланып, көкейкесті әңгімелер болды. Қасым-Жомарт Кемелұлының өз сөзінде «қазақстандықтар этникалық шығу тегіне қарамастан, өздерін бірыңғай халық, біртұтас ұлт санайды» деді. Расымен-ақ, әлемде  256 ұлт болса, соның 130 дан астамы бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келеді.

Еліміздегі этностардың достығының нығаюы, әсiресе, ортақ үйіміз —  Қазақстан cияқты көп ұлт өкiлi тұратын республика үшiн өте қажет. Бұл бағытта елiмiз егемендiк алғалы қыруар шаруалар жүзеге асты және асырыла береді.

Сондай-ақ, түр-түсі бөлек болғанымен, жүрегі бір деп соққан қазақстандықтар үшін Қазақстан – құшағын кеңге жайған мерейлі «АНА» болып қала бермек. Ал тілі мен дәстүрін сақтай білген қазақ халқы өзге ұлт үшін тағдырлас туған бауырындай болды. Қиын кезді бірге бастан кешкен қазақ елі бейбіт заманда да бізбен бірге. Бірлігіміз жарасқан берекелі елміз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

«Жамбыл облыстық Немістер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Анна Вундер

Leave A Reply

Your email address will not be published.