Әбілда ауылының жастар қауымы тазалыққа шықты

0 4

Тазалық – дерттің дауасы, адамның адамдығының айнасы. Ал,ауылдың таза болуы азаматтарының кісілік келбеті десек те болады.
Сарысу ауданы халқы да аудан тазалығын үнемі бірінші орынға қойып, назардан тыс қалдырған емес.
Үлгілі ауыл саналатын Тоғызкент ауылдық округіндегі Әбілда ауылында «Біз біргеміз» акциясы аясында жастар сенбілігі өтті.
Ауыл көшелері мен арық, атыздар тазаланды.
Ауылдықтар жастар ісіне ризашылығын білдіріп, ауыл көркеюі үшін ауыл болып игі істер жолында бірге екендіктерін таныта білді.
Жастарды бастап, тазалық шарасына атсалысқан «Жастар ресурстық орталығының» директоры Жадыра Жұмағұлова;
— Ауданымызды біреу сырттан келіп тазалап бермейді. Мұндай сенбіліктерге әр азамат өз үлесін қосқаны жөн. Бұл шараның тәрбиелік мағынасы үлкен, жастарды еңбекке баулу жағы бар. Ауылымызға деген патриоттық сезімді оятады. Сенбілікке белсене атсалысу арқылы өз туған жерін сүюге, тазалық мәдениетін қалыптастыруға айтарлықтай септігін тигізетіні сөзсіз,-дейді.
Ауданымыздың көркіне көрік қосып, шырайын келтіруге үлес қосып жүрген барша азаматтардың еңбегі болашақ жастарды патриоттық тәрбиеге баулып, елін, жерін құрметтеуге деген асыл сезімдерін оятады деген сенімдеміз!

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.