Жамбыл облысында «Егінжай күні-2020» өтті

0 22
Жамбыл облысының Меркі ауданында дәстүрлі «Егінжай күні» семинар-кеңесі өтті. Оның барысында қатысушылар бірқатар агроқұрылымдарының жұмысымен танысып, ауылшаруашылық өнімдері мен арнайы техникалар көрмесін аралап, саладағы өзекті мәселелерді саралады , — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.
Шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, Ауыл шаруашылығы министрлігі мен басқармаларының төрағалары, аудан әкімдері, обыстың барлық аймағынан келген шаруа қожалық жетекшілері, сондай-ақ ғылыми-зерттеу институттарының мамандары қатысты.
Семинарға келгендер алдымен Кеңес ауылындағы  «Аспара Хан» шаруа қожалығына барды. Бұл жердегі жылыжайда бір ауысымда 40 тонна қызанақ жиналып, сауда орындарына келісі 300 теңгеден өткерілуде. Бұл ауыл халқы үшін де өз тиімділігін көрсетуде. Ал «Смарт Агро» серіктестігінің үлесінде 2838 гектар жер бар. Оның 936 гектары суармалы, 1402 гектары егіс алқабы екен.1 30 гектар жерге егілген қант қызылшасы мен жүгері дақылы  жаңбырлатып  суару технологиясы арқылы нәрлендірілуде.Шаруашылық 38 адамды тұрақты жұмыспен қамтыған.
Мұнан соң аулшаруашылық саласының мамандары Андас батыр ауылындағы «Нұрпы» қожалығының  егіс алқаптарын аралап, бал өндірушілердің жұмысына да назар аударды.
Аудандардан жиналған сала мамандары ары қарай 26 гектар жерге үдемелі және жартылай үдемелі бақ өсіріп жатқан «Гүлдер» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Өткен жылы мұнда 50 мың түп алма ағашы өсірілген. 15 адам тұрақты жұмысқа тартылған.
Басқосуда ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері өздерінің ғылыми тәжірибелерімен бөлісіп, халықаралық компаниялармен ынтымақтастықтың нәтижелері, егістікті суаруға арналған жоғары технологиялық қондырғылардың артықшылықтары, жаңа рентабельді дақылдар туралы әңгімеледі.Сондай-ақ, семинар-кеңесте ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі техникалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы Бақыт Ілиясов, «Быструха Астана» ЖШС, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің өкілдері және тағы басқалар сөз алып, ойларын ортаға салды.
Кездесу соңында Бердібек Сапарбаев аудан әкімдеріне, ауыл шаруашылығы басқармасы мен бөлімдерінің басшыларына су үнемдеуші технологияларды қолдана отырып суармалы жерлердің көлемін ұлғайту, сонымен қатар техниканы жаңарту көрсеткіштерін 10 пайызға жеткізу, жылыжай өндірісін дамыту, минералды тыңайтқыштарды кеңінен енгізу және жоғары өнімді сапалы тұқымдарды қолдану, ауыл шаруашылығы саласында ғылым мен инновацияларды енгізудің маңыздылығына тоқталып, нақты тапсыралар жүктеді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.