Жаңаталап пен Ұйым ауылы ауыз-сумен қамтылады

0 2

Сарысу ауданында «Сөзден іске» жобасы аясында қос ауылда ауыз су мәселесі оң шешімін таппақ ,  — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Енді ауылдағы ағайын сапалы судың қызығын көретін болады. Атап айтар болсақ Жаңаталап пен Ұйым ауылдарын сумен жабдықтау құрылысының бас мердігері «Байсын-А» ЖШС. Техникалық қадағалаушы: «Амаль» ЖШС.
Құрылыс жұмыстары жыл аяғында аяқталады деп жоспарлануда.

Техникалық көрсеткіштері су құбырының жалпы ұзындығы: 9,387 ш.қ.м.

Оның ішінде:
Водовод-1,276 ш.м.
Тарату желісі-6,832 ш.қ.м.
Сервистік желі-2,555 ш.қ.м.
Су есептегіш құралы-104 дана.
Су жинау резервуары- 2 дана (әр қайсысы 100 м3)
Ұңғыма бұрғылау- 2 дана.

Қазіргі таңда атқарылған жұмыстарға тоқталар болсақ диаметрі- 110 мм-6400 метр құбыр салынды. Сондай-ақ, диаметрі-25 мм-1000 метр құбыр салынды. Қазіргі таңда құдықшалар орнату жұмыстарын атқаруда.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.