Ағымдағы жылғы 16 маусымда сағат 17:30-да Жамбыл ауданы Айша бибі ауылдық округінда 2011 жылы туған қыз бала батып кеткені туралы хабар келіп түсті , — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.
Қыз өз ағасымен суға түсу үшін жабдықталмаған жерде, шомылып жатқан кезде суға батып кеткен. Оқиға орнына Жамбыл облысы ТЖД 2 қызметкері мен 1 техникасы шықты.
Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті өз кезегінде, азаматтарды балаларды қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ тыйым салынған жерлерде шомылмауға шақырамыз. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің жүргізіліп жатқан жұмыстарына және күнделікті рейдтік жұмыстарға қарамастан қайғылы оқиға орын алып отыр, бұл биыл жылғы 4-ші қайғылы оқиға, жазғы шомылу маусымы басталғалы бері төрт адам суға батып, оның біреуі құтқырылып 3 адам қаза болды, оның екеуі бала.