«Бейбітшілік және келісім керуені» қайырымдылық акциясы өтті

0 0

Сарысу және Талас аудандарында «Қайырымдылық керуені» ұлттық қайырымдылық компаниясы аясында облыстық ҚХА қоғамдық келісім кеңесінің көшпелі отырысы өтті , деп хабарлайды «ZhambylNews”   ақпараттық агенттігі.

Жиынды облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ әдістемелік бөлімінің әдіскері Кенжебек Өмірбеков ашты. Қайырымдылық акциясы 4 бағыт бойынша өткізілді. Бірінші оқу аудиториясында «Бейбітшілік және келісім керуені» қайырымдылық акциясы аясында аудандарда жергілікті атқарушы билік органдары қоғамдық келісім кеңесінің қоғамдық бірлік пен келісімді нығайтудағы өзара іс-қимылы» тақырыбында, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің аймақтық кеңейтілген отырысы, «Отбасындағы әйелдер образы және тәрбие» тақырыбында сонымен қатар, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Аналар кеңесінің аймақтық кеңейтілген отырысы, «Қазақстан өңірлеріндегі этносаралық жағдай» тақырыбындағы ғылыми сараптама қолдау бөлімі фокус-топқа арналған ГАЙД және «Еріктілер қызметінің жұмысы»тақырыбында жастармен кездесулер өткізілді .

«Қазақстан өңірлеріндегі этносаралық жағдай» тақырыбындағы ғылыми сараптама қолдау бөлімі фокус-топқа арналған ГАЙДта ғылыми сараптама қолдау бөлімінің басшысы Альбина Тапаева жиналғандармен өңірдегі этносаралық ақуал, этноәлеуметтік жағдай және мемлекеттік этносаясат, өңірдегі этноконфессиялық жағдай тақырыптарында сауалнамалар жүргізіп, қорытындысында өңірдің этноэлеуметтік жағдайына ықпалы бар қандай факторлар назардан тыс қалғандығын, аталған жағдайларды жақсарту мақсатында қандай ұсыныс тілектері болатынын атап өтті.

ҚХА «Қайырымдылық керуені» ұлттық қайырымдылық компаниясы аясында облыстық ҚХА аналар кеңесі отырыста аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің мамандарын тарта отырып, жергілікті этнос әйелдеріне қыз баланы оқыту, белгілі бір кәсіпке бейімдеу, халықтық қолөнер бұйымдарын жаңғырту арқылы кәсіпкерлікпен айналысу, мемлекеттік қайтарымсыз грант алу мәселелері түсіндірілді. Қатысушылар халықтың ұлттық қолөнерінің ұмытылып бара жатқанын айтып, күрді ұлтының нан пісіру, тоқыма өнерін жаңғыртуға қолдау көрсетуін өтінді.

«Еріктілер қызметінің жұмысы»тақырыбында жастармен кездесуде «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жетекшісі Тұрдиева Хамида еріктілердің жыл басынан бері атқарған жұмыстарына жан жақты талдау жасап жастарды әрі қарай осы жұмысқа белсене қатысуға шақырды. Жиын соңында елді мекенде тұратын 12 тұрмысы төмен отбасына жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен 320 мың тенгенің азық түлік себеттерінен қайырымдылық шарасы жасалды. Іс-шараға барлығы 60 жуық адам қатысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.