«Ғибратты Керуен» Қордай ауданында

0 14

Күні кеше аудандарға жол тартақан игі жобаның бірі «Ғибратты Керуен» Қордай ауданындағы Сортөбе ауылына табан тіреді , – деп хабарлайды   “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Топ құрамында 18 адам бар. Олар мәдениет саласының мамандары, зиялы қауым өкілдері, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері, дін саласы маманы және жастар.

Басқосудың мазмұны қазыналы қариялардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа үлгі ету, жастардың бойына ұлттық тәрбиені сіңіріп, үлкенді сыйлау, адамгершілікке тәрбиелеу болды.

Шара барысында көпшілікке әлеуметтік тәрбиелік тағлымы мол бейнероликтер көрсетіліп, ғибратты әңгімелер айтылды.

Атап айтқанда, «Руханият және тарихтану орталығының» директоры С.Қалиев ұлттық болмысымыз туралы, ұлтаралық сабақтастық туралы әңгімелесе, Облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі И. Хаджимуратов салт-дәстүрлердің жастар тәрбиесіндегі рөлі туралы кеңінен ой өрбітті. Мұның ішінде ұлттың ұлтқа деген жанашырлығы, сыйластық әдебі, ұлттық ойындардың мән-мазмұны туралы да айтылды. Мұндай мәселелерде ата-ананың беретін тәрбиесі ерекше екендігі анық.
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Ү.Битенова жас буынның бүгінгі бет алысы туралы пікір білдірді. Жастық шақ өткінші, сондықтан үлкендердің қадірін біліп, олардан бата алуға шақырды. Қариялар біреудің ата-анасы, бауыры. Ардақты ақын өтпелі өмірде білімді, саналы ұрпақ алдыңғы буынды ардақтау керек дей келе, ата-ана туралы жүрек жарды өлеңін оқып берді.

Ғибратқа толы әңгіменің жібін бұдан ары қарай Һибатулла Тарази атындағы медресенің ұстазы Н.Боханов «Дін — тәрбиенің рухани тірегі» тақырыбында жалғады. Көпшілікке Дініміздің өзі бала тәрбиесінде адамдар перзенттерін Отан сүйгіштікке, батырлыққа баулу керектігі туралы мәлім етілгендігі айтылды.
Жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Б.Құтжан жас бауынның өкілі ретінде бүгінгі бейбіт әрі зайырлы мемлекетіміздің жастары қандай болуы керектігі жайында баяндама жасады. Бұл тұрғыда жастардың білімді, жасампаз әрі бастамашыл болуға деген беталысы және бүгінгі таңда жас мамандарды қолдауға арналаған тың бағдарламалардың бар екендігі, сондай-ақ кәсіппен айналысқысы келетін жандарға да «Бастау» секілді түрлі жобалардың бар екендігін тілге тиек етті.
Сөз соңында Ұлы ақын Абай Құнанбаевтің өлеңіндегі бес асыл істі атап өткен ол, көпшілікті елді құрметтеуге, мемлекетімізге қалытқысыз қызмет етуге шақырды.
Бұдан кейін аталмыш шара Облыстық кино орталығының әзірлеген қамқорлық, салт-дәстүр, адми болмысты қастерлеу сипатындағы тағлымы мол қысқаметражды фильм көрсетілді. Отбасы құндылықтарын дәріптеуге бағытталған бейнероликпен қорытындыланған іс-шарадан көрермен ерекше әсер алды. Ата-ананың шексіз мейірімі суреттелген туынды көптің көзіне жас келтіріп, жиналған көпшілік ұйымдастырушылар мен керуен құрамындағы қонақтарға алғысын арнады.

Бағдарлама соңында Жамбыл облыстық филармониясының әртістері әннен шашу шашты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.