Мойынқұм ауданының жастары сақтық шараларын ұстануға шақырады , — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.
Мойынқұм аудан әкімдігінің ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығының» қызметкерлері мен ауданның ерікті жастары бірге аудан тұрғындарын Жамбыл облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің м.а Н.Муликованың «Жамбыл облысында қатаң карантиндік шектеу шараларын енгізу туралы» 2020 жылдың 5 шілдесі күнгі номері 28 қаулысындағы шектеу шараларымен таныстыруда.
Сондай ақ қаулыда көрсетілгендей бетпердемен жүру өз денсаулығыңызды сақтаудың бірден бір септігі екенін, 63 жастан асқан азаматтардың аса қажеттіліксіз үйден шықпауын, 3 адамнан артық топталып жүруге болмайтынын, санитарлық талаптарды ұстану керектігін түсіндіріп, арнайы дайындалған инфографикалар мен парақшалар үлестіруді жалғастыруда.