Мойынқұмдағы аудандық орталық ауруханада 5 мобильдік топ құрылған

0 8

Мойынқұмдағы аудандық орталық ауруханада 5 мобильдік топ құрылған, аудандық орталық кеңес беру телефоны қызмет көрсетіп, ауырған азаматтарға амбулаториялық бақылаулар қойылған, антибиотиктер берілуде, 30 провизорлық төсектермен қамтамасыз етілген, 1 реанимациялық пост қойылған, барлық медицина қызметкерлері қорғау костюмдерімен және басқада құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген   , — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Айта кетерлігі, аудандық аурухана 2000 жылы салынған. Жалпы төсек саны 140 орын, 90 тәуліктік станционар, 40 күндізгі стационар, 10 орын дәрігерлік амбулаторияларға берілген. Жедел жәрдем бойынша облысқа қарайтын 3 автокөлік, ауданда 8 автокөлік бар.

Жалпы дәрігерлердің саны 42 адам.  Ауданда дәрілермен бір айлық қор жасақталған.
Коронавирустен емделушілерге арналып провизорлық 30 төсек бөлінген, қосымша 30 төсек бөлуге мүмкіндік бар. Онда 3 дана ИВЛ аппаратымен, 12 дана кислород концентрантымен, 33 дана кослород баллонымен қамтылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.