Қаракемерліктердің ұйымшылдығы барша ауылға қажет — Сәкен Арубаев

0 7

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Жамбыл ауданы Қаракемер ауылында 90 адамға арналған клубтың құрылыс жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Қаракемерліктердің өнерге деген ықыласы мен ыждаһатының ерекше екенін тұрғындардың көп жылдан бері осы мәселені аудандық атқамінерлерге көтіріп, өнер ошағының қажет деп тап басып айтуынан аңғаруға болады.

Ауылдық клубтың құрылысына 81 млн 612 мың теңге бөлініп, «ҚазМұнайҚұрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіне кілт табыстауға дейінгі жұмыстар жүктелді.

Бір айта кететін жайт, тұрғындар құрылыстың сапасына ерекше назар аударуда.

Аудан әкімі Сәкен Арубаевтың құрылыс жұмыстарын зерделеу кезінде, қаракемерліктер құрылыстағы көңілі толмайтын тұстарды басып айтып, шара қабылдауын өтінді.

Сондай-ақ, Сәкен Қаланұлы тұрғындардың халық игілігіне берілетін нысандарды бақылауда ұстауына риза көңіл танытып, мердігерге аталмыш олқылықтардың орнын толтыруды талап етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.