Қордайдағы ауылдарға ауыз су тартылуда

0 3

Қордай ауданындағы бірқатар ауылдарға су жүйесі кіргізілуде, — деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпараттық агенттігі.

Қордай ауылының «Шығыс» және «Солтүстік» жеке тұрғын үй құрылысы алқабын сумен қамтамасыз ету үшін 2019 жылға 755 млн. теңге бөлініп, 2019 жылға жоспарланған қаражат толық игерілген. Сондай-ақ, енді алдағы уақытта 2020 жылға бюджеттен қаражат қарастыруда. Қазіргі таңда мердігер өз қаражатына жұмыстар жүргізуде және 25 қыркүйекке дейін су толығымен тартылатын болады.

Сонымен қатар, Арал ауылында сметалық құны 319 077,0 мың тенгені құрайтын су қабылдайтын қондырғы және сервистік желілерімен су құбыры жүйесінің құрылысы жүргізілуде. Су жүйесінің құрылысы 25 желтоқсанда аяқталады деп күтілуде. Дәл осындай жөндеу жұмыстары Өтеген, Отар ауылындарындада жүргізіліп жатыр. Мердігер компания «Темир-Строй Сервис и Ко» ЖШС- і нысан жыл соңына дейін тапсырылатынын айтты.

Сондай-ақ, Қордай ауылы «Батыс» тұрғын алқабындағы сумен жабдықтау желісі мен су жинау құрылысын салу жопарланған болатын. Ағымдағы жылға жоспарланған қаражат 547 880,0 мың теңге. Қазіргі таңда 105 220,0 мың теңге игерілгін және жұмыс толығымен 25 тамызда аяқталады.

Қазіргі таңда Қордай ауданы бойынша 30 ауыл орталық ауыз су жүйесімен қамтылып, тұрғындар сапалы суды қолданатын болса, Сондай-ақ, тағыда 11 елді мекен кезекке қойылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.