Өңірде құс шаруашылығын дамыту жолға қойылуда

0 1

Қазіргі уақытта  құс шаруашылығы өндірісін дамытуға бағытталған бірнеше ірі инвестициялық жобалар іске асырылуда. Байзақ ауданындағы құс етін өндіретін «Әулие-ата Феникс» серіктестігінің құс фабрикасы толық модернизациядан өткізіліп, облыстағы құс етінің өндірісі 8 мың тоннаға жеткізілді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпараттық агенттігі.

Құс шаруашылығы — мал шаруашылығының ең тез жетілетін, әрі тиімді бір саласы болғандықтан аймақта өткен жылы бұл саланы дамыту мақсатында арнайы карта әзірленген болатын.

Бұдан бөлек, аталған ауданда биыл жылына 20 мың тонна құс етін өндіретін «Аллель Агро» ЖШС-нің құс фабрикасының құрылысы жүргізілуде.

Алдағы уақытта өндірістік құс фабрикасы құрылысын аяқтаумен бірге жеке қосалқы шаруашылықтарда құс санын көбейту үшін «Нәтижелі жұмыспен қамту» және «Еңбек» бағдарламаларының мүмкіндіктері мен «ҚазАгро» ҰБХ қаржы институттары арқылы 3,0 млн.теңгеге дейін берілетін шағын несиелеу бағдарламарын пайдалану жоспарлануда.

Бұл жұмысты жүзеге асыру үшін елді мекендерде тұрғындарды ауыл шаруашылығы кооперативтеріне біріктіру, кооператив жанынан арнайы инкубаторлар ашып, қажетті жем және ветеринариялық препараттармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілетін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.