Мойынқұмда қоғамдық көліктер мен жолаушыларға рейд жүргізілді

0 0

Мойынқұм аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі автомобиль жолдары бөлімі мамандары мен бірге аудандық полиция, ауыл әкімдігі қызметкерлері қоғамдық көліктерде бетперде тағу режимін жолаушылар қалай сақтайтынын тексеруге шықты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпараттық агенттігі.

Рейдтік іс-шара аясында Мойынқұм-Қарабогет, Мойынқұм-Қылышбай елді мекендеріне қатынайтын және ауылішілік маршруттарды тексеру барысында, жолаушылар карантин режимін толықтай сақтаған.

Сондай-ақ, жолаушыларға, автобус жүргізушілеріне қоғамдық көлікте карантин режимін сақтау туралы ережелері түсіндіріліп, бетперде тағудан бас тартқан жағдайда Қазақстан республикасының заң талаптарына сәйкес, карантин режимін сақтамағаны үшін айыппұл қарастырылғаны ескертілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.