Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

0 18

Күні кеше «Nur Otan» партиясында бейнебайланыс арқылы Республикалық сайлауалды штабтың отырысы өтті. «Nur Otan» партиясының Республикалық сайлауалды штабының басшысы Бауыржан Байбек одан басқа 216 өңірлік сайлауалды штабтың жұмысына 7 мыңға жуық еліміздің белгілі және белсенді азаматтары тартылатынын атап өтті. Осыған орай бүгін Қордай ауданында да сайлауалды штабтың алғашқы отырысы өтіп, оған штаб құрамына кірген ауданның ардагерлері, түрлі салалардың өкілдері қатысты, — деп хабарлайды “ZhambylNews” AA.

Айта кетсек, аталмыш штабты «Nur Otan» партиясы, Қордай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дамира Сүгірбай бастап, оның құрамына 61 адам кірді. Елбасы, Партия Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Республикалық штаб мүшелері үгіт науқаны шеңберінде сайлаушылардың 100 пайызын қамтуы тиіс. Бұл мақсатта барлық партия мүшелері, әсіресе, кандидаттар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын назарға алып, барлық әлеуметтік топтарды қамтып, сайлау науқанына белсенді қатысуы қажет. Пандемияға байланысты қарқынды және атаулы жұмыс маңызды.

Республикалық штабпен келісім бойынша желілік кесте бекітіліп, аудан бойынша жалпы 267 іс-шара өткізу жоспарланған. Оның 146-сы тікелей және 121-і онлайн форматта өтетін болады. Сондай-ақ, елдегі эпидемиялогиялық ахуалға байланысты сақтық шараларға аса мән берілмек.

Жиында штаб төрайымы Дамира Маратқызы қатысушыларды науқанға аса жауапкершілікпен қарап, белсенді атсалысуға шақырды. Ал, ауданның ардагерлері болса Елбасы артқан істі абыроймен атқаруға үндеп, штабтың жұмысына қатысты өз ойларын ортаға салды.

Тағы атап өтетіні кеше кешкі алтыдан бастап «Jas Otan» жастар қанатының өкілдері үгіт-насихат материалдарын орналастыру жұмыстарын бастап кетті.

«Nur Otan» партиясының Қордай аудандық сайлау қорының қаражатынан төленді

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.