Теміржолшылар «Nur Otan» партиясын қолдайды

0 6

Бүгін «Nur Otan» партиясы Тараз қалалық сайлауалды штабының төрағасы Батырбек Құлекеев бастаған топ «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамының филиалы – Жамбыл жүк тасымалдау бөлімшесінің ұжымымен кездесті, — деп жазады «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

Басқосуға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Гүлдара Нұрымова, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Ерқанат Манжуов, Тараз қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Айдын Сеитбенбетов және «Jas Otan» жастар қанатының еріктілері қатысты.

Жүздесуді ашып, жүргізген Батырбек Әбдірәсілұлы алдағы қаңтарда өтетін Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауының еліміз үшін маңызы зор екендігін айтып, қатысушыларды саяси науқаннан тыс қалмауға шақырды.

Келесі кезекте сөз алған кандидаттар да сайлаудың ерекшелігіне тоқталып, «Nur Otan» партиясының бастамаларына тілге тиек етті. Партия бүгінде 17 басымдықтан тұратын сайлауалды бағдарламасын ұсынып отыр. Оның ішінде денсаулық сақтау, білім беруді дамыту, жастарды қолдау, жемқорлықтың тамырына балта шабу, мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту, табиғатты қорғау, жұмыспен қамту, шағын және орта бизнесті қолдау сияқты көптеген маңызды міндеттер қамтылған.

Жиында теміржолшылар да сөз алып, жүзеге асып жатқан жобалармен бұрыннан таныс екендіктерін айта келе «Nur Otan» партиясына біркісідей дауыс беретіндіктерін жеткізді.

«Nur Otan» партиясы Тараз қалалық сайлау қорының қаражатынан төленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.