Биыл Айшабибі ауылында заманауи құрылғылармен жабдықталған 300 орынды мектеп құрылысы басталады, — деп жазады “ZhambylNews” АА.
Қырғыз елімен шекаралас жатқан Қаратау ауылына мемлекеттік «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында ауыз су жүйесі жүргізілсе, көршілес елдің байланысына қосылып келген қаратаулықтар, отандық оператордың желісіне қосылды.
Бұдан бөлек ауыл маңынан «көгілдір отын» төбе көрсетті. Ауылдық Мәлениет үйі әсем кейіпке еніп, абаттандырылса, ауыл атын иемденген білім ордасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Округке қарасты Айшабибі, Қаратау, Әулиекөл ауылдарында 1073 аула, 5 557 адам бар. Өткен жылы 1255 гектарға өнім егіп, 2740 тонна өнім алынып отыр. Округте 278 шаруа қожалығы тіркелген. Сонымен қатар үй құрылысын жүргізуге ниетті 879 адам кезекте тұрса, ағымдағы жылы 382 жер телімі ел игілігіне берілетін болады. Сондай-ақ елді мекенде заманауи құрылғылармен жабдықталған 300 орынды мектеп құрылысы басталады