Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 32 жыл толып отыр. Осыған орай Мойынқұм ауданында Ауған жерінде Отан үшін қаза тапқан «Қызыл жұлдыз» иегері, интернационалист жауынгер Қайрат Бөлдешовті еске алуға арналған іс шаралар өтті, — деп жазылып “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.
Жауынгер Қылышбай ауылының тумасы. Осыған орай ауылдағы Ә.Төлепбергенов атындағы орта мектебінде «Ерлік те, елдік те ұрпаққа аманат» тақырыбындағы арнайы бұрышқа мектеп оқушыларын тарих пәнінің мұғалімі Ш.Сүлейменова экскурсия жасатып, Қайрат Бөлдешовтың өмір тарихымен таныстырды.
Сондай-ақ, Мойынқұм ауылындағы спорт кешенінде Кеңес әскерлерін Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай және жауынгер Қ.Бөлдешовты еске алуға арналған 2005-2007 жылғы жасөспірімдер арасында кіші футболдан аудандық турнир өткізілді.
Ашық алаңда бақ сынасқан аяқдоп шеберлері арасындағы жүлделі бірінші орын «Болашақ» командасына бұйырды. Ал, екінші орынға «Арыстан» командасы табан тіресе, «Береке» командасы үшінші орынды иеленді.
Жарыс барысында санитарлық талаптар толығымен сақталып, көрерменсіз өткізілді.