Жамбыл ауданында «Бейбітшілік пен келісім» жобасы асында бос жұмыс орындарының жəрмеңкесі ұйымдастырылып, нәтижесінде 84 адам жұмыспен қамтылды, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.
Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Асқар Жанқоразовтың айтуынша, жәрмеңкеден соң 84 адам жұмыспен қамтылған. Оның ішінде 27 азамат тұрақты жұмыс орнына, 10 жас «Жастар тəжірибесі» бағдарламасымен, 45 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 2 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына жолдама алған.
Жұмыссыздар жəрмеңкесінде аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі, Өрнек пен Полатқосшы ауылдық округі, аудандық орталық аурухана, «Жастар ресурстық орталығы», Шайқорық, Еңбек, Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейі, М.Төлебаев атындағы өнер мектебі, «Айдана» бөбекжайының өкілдері жұмыс іздеп келген тұрғындарға бос жұмыс орындарын ұсынды.
Жәрмеңкеде еңбек нарығындағы сұраныстарға сәйкес арнайы оқу орнын бітірген жас мамандарға, жұмыссыз жүрген жергілікті тұрғындарға мерзімді, ауылдық округтердегі ақылы қоғамдық жұмыстарға, тұрақты жұмыс орындарына жолдама берілді.