Бүгін Сарысу ауданында Жамбыл облысының әкімі Б.Сапарбаевпен бекітілген «Бейбітшілік пен келісім» жобасын іске асыру бойынша, өңірдің конфессияаралық жағдайындағы проблемалық мәселелерді анықтау, оларды шешу бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында кездесу өтті, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.
Кездесуге облыстық найб имам Бахтияр Әміреев, Сарысу аудандық мешітінде аудан имамдары қатысты.
Басқосуды Жамбыл облысы әкімдігінің Дін істері басқармасының басшысы Жангелді Омаров ашып жүргізді.