Мойынқұмда кәсіпкерлік нысандарға рейд жұмыстары жүргізілді

0 0

Жамбыл облысы аумағында карантиндік шектеу шараларын қатаңдату мақсатында, шыққан Жамбыл облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №7 қауылысын басшылыққа ала отырып Мойынқұм ауданында №1 аудандық мобильдік топтың жетекшісі А.Нәметқұловтың басшылығымен аталған топ мүшелері Кеңес, Бірлік, Биназар ауылдық округтеріндегі кәсіпкерлік нысандарында болды, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

Мобильдік топтың мақсаты кәсіпкерлерді аталған қаулымен таныстыру, санитарлық талаптарға зерделеу жүргізу.


Зерделеу барысында барлығы 10 нысанның 5-інде санитарлық талаптар сақталмағаны анықталып, 5 кәсіпкерге хаттама толтырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.