Қазақстан әлемдік экономиканың үздік 50 елі қатарына енді

0 3

Әлемдегі ең ірі 50 экономиканың ЖІӨ деректері мен 2000 жылдан 2025 жылға дейінгі кезеңдегі орташа жылдық нақты ЖІӨ өсу қарқынына сәйкес, Қазақстан Орталық Азиядағы ең ірі 50 экономиканың қатарына кірген жалғыз ел болды.

Бұдан басқа, Қазақстан орташа жылдық нақты ЖІӨ өсімі бойынша алғашқы бес елдің қатарына кірді.

Бұл туралы 5 қаңтарда Visual Capitalist порталы жариялаған ХВҚ деректері дәлел келтіріп отыр.

Экономикасы 30,6 трлн долларға бағаланған Құрама Штаттар даусыз әлемдік экономикалық алып ел болып қалды және бұл көшбасшылықты алдағы көптеген жыл бойы сақтайды деп күтіліп отыр.

Ең ірі бес экономиканың қатарына сондай-ақ Қытай, Германия, Жапония және Үндістан кірді.

АҚШ-тың үстемдігіне қарамастан, көптеген ел, соның ішінде Қазақстан, өсу қарқыны мен даму динамикасы бойынша одан асып түсті. Соңғы 25 жылда Құрама Штаттардың нақты ЖІӨ-нің орташа жылдық өсу қарқыны 2,1% болды. Осы арада Қытай 2000 жылдан бері жылына орта есеппен 8%-дық нақты ЖІӨ өсімін көрсетті.

2000-2025 жылдар аралығындағы кезеңнің қорытындылары бойынша Қазақстан Қытай, Үндістан, Вьетнам және Бангладешпен бірге 5,6% болған нақты ЖІӨ-нің орташа жылдық өсу қарқыны бойынша алғашқы бес елдің қатарына енді.

Айта кетелік Президент жасанды интеллект ЖІӨ-ге 20 млрд доллар қосуы мүмкін екенін айтқан еді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.