Жамбылдық шебер сапалы етіктер тігіп шығаруда

0 28

Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылының тұрғыны Сергей Греков 40 жылдан бері ата кәсіпті жалғап келеді. Ол үйінен цех ашып, етіктің түр-түрін тігумен айналысуда. Етікші маусымдық аяқ киімдермен қатар, ұлттық спортқа қажетті етіктерді де тігеді, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

С.Греков бір күнде бір жұп аяқ киім әзірлейді екен. Таза қол еңбегімен жасалған өнімнің сапасы да жоғары.

Кәсіпкер етік тігуге қажетті материалдарды толықтай Ресей Федерациясының Киров қаласынан алдырады. Дегенмен, аяқ киімдердің бағасы қолжетімді.  Мысалы, жазғы әрі қысқы маусымға арналған бәтіңкелердің құны 20 мың теңгенің шамасында болса,  ұлттық ойындар кезінде киетін етіктер 25 мың теңгеге бағаланған.

Грековтер әулетінің былғарыдан жасалған етіктері аудан аумағының ғана емес, Алматы, Тараз қаласы тұрғындарының да сұранысына ие.

Етік тігу әсілі оңай іс емес, оған ерінбейтін, төзімді, бұл кәсіпті сүйетін адам ғана барады.

Сергей Греков қолынан келетін істі өзінен кейінгілерге үйретіп кетуді парыз санап, шәкірт те тәрбиелеп келеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.