Мойынқұм аудандық орталық ауруханасының иммунолог дәрігері окушылар және ата-аналармен кездесу ұйымдастырды
Мойынқұм аудандық орталық ауруханасының иммунолог дәрігері Санақова Мөлдір Зейнеғазықызы мен эпидемиолог дәрігер Талас Сұлтан Асетұлы аудандағы Кұмөзек, Қылышбай ауылдарындағы Ы.Алтынсарин және Ә.Төлепбергенов атындағы орта мектептерінің 12-17 жас аралығындағы окушылары және ата-аналармен кездесу ұйымдастырды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Короновирусқа қарсы салынатын Комирнати (Пфайзер) вакцинациясының маңызы туралы, салыну ережелерін, ата-аналардың вакцина салынатын алдында, салу кезінде, одан кейін нені білу керектігі жөнінде түсіндірме жұмысын жүргізді қойылған сұрақтарға заң аясында жауап беріп пфайзер вакцинасы бойынша түсінік жұмыстарын жүргізді. Жиынға ауыл әкімдері де қатысты.