Қаныш Әлиев «AntikorLive» жобасы аясында сұхбат берді 

0 19

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекция басшысы Әлиев Қаныш Исаметұлы «AntikorLive» жобасы аясында сұхбат берді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Сұхбат барысында ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы және мемлекеттік деңгейде қабылданып жатқан іс-шаралар аясында сыбайлас жемқорлық заң бұзушылыққа жол бермеу және оның алдын алу мақсатында Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның талаптарын орындау үшін бірқатар іс-шаралар атқарылып жатқандығын баяндады.

Спикердің айтуынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамалар саласында құқықтық мәдениетті және құқықтық сананы қалыптастыру мақсатында облыстық, аудандық және қалалық ААИ бойынша сыбайлас жемқорлықты болдырмау бойынша барлығы 263 іс-шаралар өткізілген.
Инспекция мамандарының құқықтық сауаттылығын көтеруге және қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтау үшін бағытталған 28 құқықтық оқу сабағы өткізіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытындағы жұмыстарды жандандыру мақсатында бұқаралық-ақпарат құралдары арқылы 10 мақала жарияланған.Облыстық Инспекцияға және оның қалалық, аудандық бөлімшелеріне жеке және заңды тұлғалардан 120 өтініш келіп түскен, заңнама талабына сәйкес есепке алынып, өтініш иелерін қанағаттандырарлық толық жауап берілген.

Қазіргі уақытта мамандардың жеке жауапкершілігін арттыру, құқықтық сауаттылығын көтеру бағытында арнайы жұмыстар жалғасуда. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және басқа да Заң талаптарын бұзушылыққа жол бермеу мәселесі Инспекция басшылығының тікелей қадағалауында екендігін ескертіп,Қаныш Исаметұлы өз баяндамасын қорытындылады.

Сұхбат барысында Бақытжан Ниязовтың өзекті мәселелер бойынша қойылған сұрақтарына спикер тарапынан тиісті жауаптар берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.