Аудан мен қаланы байланыстыратын көпір аяқталуға жақын

0 0

Жамбыл ауданына жұмыс сапырымен келген облыс әкімінің орынбасары Рүстем Дәулет аудан әкімі Сәкен Арубаевпен бірге Өрнек ауылында салынып жатқан мәдениет үйінің құрылысын көрді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Аудан әкімі Сәкен Қаланұлы «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан өнер ошағының құрылысын «ЖаңаКемерҚұрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізіп жатқанын, сыйымдылығы 140 орынды құрайтын мәдениет үйінің бүгінде іргесі тіктеліп, қабырғасы қаланып, шатыры жабылғанын, құрылыс жұмыстары бақылауда екенін жеткізді. Жалпы өңірде 4 Мәдениет үйі және 10 ауылдық клуб тұрғындарға қызмет көрсетеді.

Сондай-ақ облыс әкімінің орынбасары Ерназар-Қойгелді бағытындағы аудандық маңызы бар жол торабында салынып жатқан көпірдің құрылысына назар аударды. Аудан мен Тараз қаласын байланыстырытын көпірдің құрылысы он күн ішінде аяқталатынын жеткізген Талас ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек жұмыстар сапалы атқарылып жатқанын және жеке бақылауда екенін айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.