2021 жылдың қаңтар-қараша айларының қорытындысымен Мойынқұм ауданының әлеуметтік-экономикалық көрсеткішінде оң динамика қалыптасты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Құрылыс жұмыстары 124,0%-ы, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 4,5 есе артып, бөлшек сауда айналымы 120,3%-ды құрады.
Өнеркәсіп саласында өндірілген өнім көлемі 99,6%-ы құрады. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 99,6% болып қалыптасуына “Алтыналмас” АҚ Ақбақай филиалындағы “Карьерное” шахтасындағы қоры азайып, жаңа “Олимпийское” карьеріне ауысуына байланысты жұмысы уақытша тоқтауы әсер етті.
Салдарынан алтын өнімі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 43,0 кг-ға кем Ағымдағы жылдың қорытындысымен өнеркәсіп өндірісінің көлемі 85 420,1 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 101,3% құрайтын болады деп күтілуде. Бұл бағытта “Алтыналмас” АҚ Ақбақай филиалымен жұмыстар атқарылуда.
Өткен жылмен салыстырғанда жылдық өнім көлемі артығымен орындалып, ауданның өнеркәсіп өндірісінің көлемінің артуына ықпал ететін болады.