Тәуелсіздіктің 30 жылында Мойынқұм ауданында 4 мектеп, 9 балабақша салынған

0 1

1991-2021 жыл аралығы, яғни Тәуелсіздіктің 30 жылы мойынқұмдықтар үшін де табысты болды. Әсіресе білім саласында оң өзгерістер орын алды. Осы аралықта ауданда 4 мектеп, 9 балабақша салынып, ел игілігіне тапсырылған, — , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Ауданның білім саласында да атқарылған іс баршылық. Оқушылар оқулықпен жүз пайыз қамтылған. Жеткіншектер де жүлдесіз емес, республикалық, облыстық байқаулар мен пән олимпиадаларында алдыңғы саптан көрініп жүр. Бұл олардың алаңсыз білім алуына толықтай жағдай жасалынып, мектептердің жылма-жыл жаңа модификациялық кабинеттермен жабдықталуының да жемісі. 1991-2021 жылдары аралығында аудан бойынша 19 мектеп лингофонды мультимедиялық, 15 мектеп биология, 18 мектеп химия, 10 мектеп физика кабинеттермен жабдықталды. Аудан бойынша 45 білім беру ұйымдары жұмыс істейді.

Оның ішінде 21 орта, 2 негізгі, 1 бастауыш мектеп, 15 балабақша, 15 мектептен тыс мекемелер, 1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.