Мойынқұм ауданында «Тәуелсіздікке тағзым» атты салтанатты жиын өтті

0 0

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында ел Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай аудандық мәдениет үйінде «Тәуелсіздікке тағзым» атты салтанатты жиын өтті , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жиынды ашқан аудан әкімі Ә.Балқыбеков ауданның 30 жылдағы жеткен жетістіктері жайлы жан жақты мағлұмат беріп, жиналған қауымды осынау ұлық мерекемен құттықтады. Салтанатты жиында ауданның бірқатар азаматтары Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы медалімен марапатталса, енді бірі облыс және аудан әкімдерінің марапатына ие болды.

Сондай -ақ аудан мәслихатының хатшысы Б.Қалымбетов ауданның «Құрметті азаматтарының» төсбелгілерін сахна төрінде тағып құттықтады. Бұдан әрі ауданның өнерпаздарының өнерлерін тамашалаған жұрт мерекелік көңіл куймен қайтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.