Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында желтоқсан құрбандары еске алынды

0 9

Мойынқұм ауданында Қайрат Рысқұлбеков ескерткішінде, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Желтоқсан құрбандарын еске алуға арналған митінгі өтті. Жиынға аудан әкімі Әлихан Балқыбеков, аудан қариялары, Желтоқсан оқиғасының куәгерлері және аудан әкімінің бөлім, мекеме ұжымдары қатысты , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Алдымен Қ.Рысқұлбековтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі болып, Желтоқсан құрбандарына құран бағышталды. Содан соң аудан әкімі Ә. Балқыбеков сөз алып, Тәуелсіздігіміз үшін, ұлтымыздың азаттығы үшін күрескен, жанын құрбан еткен азаматтар жайында айтып,ел тарихында мәңгі сақталатынын тілге тиек етіп,Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады.

Сонымен қатар ауданның төбе биі Жамбыл Қалыбаев,Желтоқсан оқиғасының қатысушысы Нұржан Саденовтер сөз алып, Жиын соңы Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясы оқушыларының Желтоқсан құрбандарын еске алуға арнап дайындаған әдеби-монтажына ұласты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.