Парламент Мәжілісінің депутаттары Шу ауданындағы жастармен кездесу өткізді

0 14

Жұмыс сапарымен ел аралауға шыққан Парламент Мәжілісінің депутаттары Ильяс Буларов, Абилфас Хамедов және Андрей Линник Шу ауданына атбасын бұрып, Төле би және Белбасар ауылдарындағы тұрғындармен, ауыл жастарымен кездесу өткізді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жиынға білім беру, денсаулық сақтау салаларының мамандары, жастар мен кәсіпкерлер, ардагерлер секілді түрлі санаттағы адамдар жиналды.

Ауыл тұрғындары тарапынан медициналық көмек көрсетуді арттыру, мал шаруашылығын дамытуға қолдау көрсету, таза ауыз сумен қамтамасыз ету, электр жарығының қуаттылығын арттыру, көмірдің бағасын реттеу, жол жөндеу сынды түрлі сұрақтар қойылып, көкейкесті мәселелер көтерілді.

Тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдаған Мәжіліс депутаттары Мәжілістің заң шығарушылық жұмысында назарға алу үшін мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық мәселелерге ерекше мән берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.