Жастарға домбыра сыйлады

0 7

Талас ауданында «Тәуелсіз Қазақстан — біздің ең қымбат, ең асыл құндылығымыз» атты жастар форумы өтті , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Форумның мақсаты – Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойының маңыздылығын және Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы рөлін ұғыну арқылы жастардың патриоттық сезімдерін күшейту. Бұл туралы naq.kz ақпараттық порталы хабарлады.

Қатысушылар алдында Талас ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек құттықтау сөз сөйлеп, форумға қатысушыларды жылы лебізін жеткізді әрі жемісті жұмыс тіледі.
«Барша Талас ауданы жұртшылығын ұлт Тәуелсіздігінің ордалы 30 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Биыл әрбір ақ таңға қуана қараған қазақ халқы – ұлт Тәуелсіздігінің 30 жылдық торқалы тойын тойлауда. Бұл биылғы мерейлі жылдың – межесі биік, мәртебесі асқан, ең ұлық мерекесі! Сіздерді және барша аудан жұртшылығын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесімен тағы да құттықтай отырып, отбастарыңызға амандық, шаңырақ-тарыңызға шаттық, бақ-береке, елімізге молшылық тілеймін», — деді құттықтау сөзінде Қанатбек Қайшыбекұлы.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне арналған шарада түрлі салада табысты еңбек етіп, еліміздің дамуына үлес қосып жүрген Тәуелсіздік құрдастары аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталып, қазақтың ұлттық аспабы домбыра табыс етілді.

Талас ауданында «Тәуелсіз Қазақстан — біздің ең қымбат, ең асыл құндылығымыз» атты жастар форумы өтті. Форумның мақсаты – Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойының маңыздылығын және Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы рөлін ұғыну арқылы жастардың патриоттық сезімдерін күшейту. Бұл туралы naq.kz ақпараттық порталы хабарлады.

Қатысушылар алдында Талас ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек құттықтау сөз сөйлеп, форумға қатысушыларды жылы лебізін жеткізді әрі жемісті жұмыс тіледі.
«Барша Талас ауданы жұртшылығын ұлт Тәуелсіздігінің ордалы 30 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Биыл әрбір ақ таңға қуана қараған қазақ халқы – ұлт Тәуелсіздігінің 30 жылдық торқалы тойын тойлауда. Бұл биылғы мерейлі жылдың – межесі биік, мәртебесі асқан, ең ұлық мерекесі! Сіздерді және барша аудан жұртшылығын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесімен тағы да құттықтай отырып, отбастарыңызға амандық, шаңырақ-тарыңызға шаттық, бақ-береке, елімізге молшылық тілеймін», — деді құттықтау сөзінде Қанатбек Қайшыбекұлы.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне арналған шарада түрлі салада табысты еңбек етіп, еліміздің дамуына үлес қосып жүрген Тәуелсіздік құрдастары аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталып, қазақтың ұлттық аспабы домбыра табыс етілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.