Шыршаны безендіру дәстүрі Түркілерден тараған ба?

0 36

Қазір кейбір деректер Жаңа жыл қарсаңындағы шыршаны безендірудің христиандыққа байланысы жоқ деп есептейді.

Олардың дәлелі бойынша Христиан діні пайда болған Палестинада немесе Египетте шырша өспейді. Жерорта теңізінің айналасында өмір сүрген алғашқы христиандар шырша көрмеген. Олардың пайымдауынша, шыршаны безендіру, қасиетті ағаш санау түркілерден енген дәстүр.

Көне түркілерде шырша үшбұрышты, әрқашан жасампаз Көк Тәңірі кеңістігі – аспанға бағытталған киелі ағаш болып саналған. Үш мың жыл бұрын Сібір мен Алтай айналасында түркілер шырша арқылы мерекені тойлап, оны үйге әкеліп, түрлі маталармен безендіріп, айналасына от жағып, би билеген, ән айтқан. Қасиетті ағаштарға ақ жіп байлау дәстүрі әлі де бар.

Түріктердің де өз Аяз атасы болған. Оның ақ сақалы ұзын болған екен.

Муаззез Ильмие Чиг

Түрік жазушысы, көне Месопотамияны мекендеген шумер өркениетінің әлемге әйгілі зерттеушісі Муаззез Ильмие Чиг түркілер шырша безендіруді Еуропаға таратқан деп санайды.

«Рождество немесе Жаңа жыл шыршасын безендіру дәстүрі Еуропаға Шығыстан – қазіргі түрікілердің ата-бабаларынан келген. Түркі тайпалары бұл ағашты «өмір ағашы» санаған. 22 желтоқсан күні шыршаны кесіп әкеліп, ең ұзақ түннің күнге ауысуын тойлаған», — дейді ол.

Орыстар «Ёлка» деп атайтын ағаш – бастапқыда «ель» ағашына байланысты шыққан делінеді. Бірақ шырша безендіру түркілерден тарайды деп есептейтін ғалымдар  (кедр, сосна) оның бұл мерекеге қатысы жоқ деп санайды. Бұл термин түркілерше «ел» (халық) және көкке апаратын «жол» дегенді білдіреді екен.

Желтоқсанның 22-сі күні көне түркілер ең ұзақ түннің күнге қарай ауысуын атап өтіп, алып шыршаны айнала билеген («айналайын» сөзінің шығу төркіні осы әдетте жатыр) орыстың шыршаны айналып айтатын жырына түріктің осы бір төл әдет-ғұрпы енген екен.

Ежелгі наным-сенімдерде бұл күн сонымен бірге Адам ата мен Хауа ананың өмірге келген уағы саналған. Сондықтан ескілікте осы күні үйлеріне жасыл желекті ағаштарды қырқып әкеліп, оларды қызыл түсті алмалармен безендіріп қоятын болған. Айтқандай, жұрт XV ғасырдан бастап қылқан жапырақты ағаштарды шыны шарлармен және басқа да ойыншықтармен безендіру үрдісі өмірге енген.

Ақпарат дереккөзі: massaget.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.