30 жыл құжатсыз жүрген азамат құжат алды

0 8

Комил Шарматов есімді азамат Қазақстанға өзге елден көшіп келген екен. Қазір Байзақ ауданы Сарыкемер ауылының тұрғыны Гүлмира Ысқақованың жолдасы. 30 жыл бойы жеке басын куәландыратын құжатсыз өмір сүрген Комил, осыған дейін тегін медициналық көмек те ала алмаған. Енді көші-қон қызметінің қызметкерлері азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігін рәсімдеу үшін барлық қажетті құжаттарды жинап,  істің оң шешілуіне көмектесті . 30 жылдан кейін ҚР азаматтығын алып, құжатқа қол жеткізген азамат полиция қызметкерлеріне алғысын айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.