Жамбылдық полицейлер қызметтік автокөліктерді өртеген күдіктіні ұстады

0 21

Жамбылдық полицейлер қызметтік автокөліктерді өртеген күдіктіні ұстады. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

2022 жылдың 5- қаңтарына қараған түні Тараз қаласындағы Қазыбек би және Әйтиев көшелерінің қиылысында, сондай-ақ Жамбыл облысы әкімдігінің ғимараты жанында полицияның 11 қызметтік автокөлігі бүлініп, оның 7-еуі өртенген.

Жедел-іздестіру іс — шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері Жуалы ауданының бұрын сотталған 23 жастағы тұрғынын ұстады. Ол автокөліктерді зақымдауға белсенді түрде қатысып, олардың бірнешеуін бір өзі өртеп жіберген. Содан кейін ағаш таяқпен қаруланып, «Атшабар» тұрғын үй кешенінде орналасқан банк ғимаратының әйнегін сындырған.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.