ҰҚК мемлекеттік орган ғимараттарына шабуыл жасауы мүмкін деген күдікпен бір топ адамды ұстады. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
Алматыда ұсталған адамдар тобынан Калашников автоматы 158 оқ, танкке қарсы қол гранатаметінің 3 снаряды, 2 граната мен кесілген аңшы шолақ мылтығы, электрошокер табылған.
Ұсталғандардың біреуі бұрын ұрлық пен тонау,кісі өлтіру бойынша сотты болған. Тергеу шаралары жалғасуда.