Енді директорлар өз қалауы бойынша мұғалімді жұмысқа ала алмайды. Бұл туралы білім министрі А.Аймағамбетов хабарлады.
«Бұдан былай директорлар өз қалауы бойынша мұғалімдерді жұмысқа қабылдауға мүмкіндігі болмайды. Енді нақты критерийлер белгіленіп, мұғалімдер жұмысқа қызметінің нәтижесі мен жетістіктері негізінде конкурс арқылы орналасады. Биыл бұл рәсім цифрлық форматқа көшіріледі, — деді министр желідегі жазбасында.