Электрондық тіркеудің артықшылықтары

0 32

Жылжымайтын мүлікке құқықтары туындаған кезден бастап әр құқық иесі меншік құқығын мемлекеттік тіркеу рәсімін міндетті түрде өту тиіс. Егер бұрын Халыққа қызмет көрсету орталығында (әрі қарай — ХҚКО) кезек күтіп, тіркеуге құжаттар ұсынып, құжаттарға қайта келу қажет болса, қазір бәрі оңай.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды электрондық тіркеу мәншік иелеріне меншік құқығын ХҚКО бармай-ақ рәсімдеуге мүмкіндік береді.

 Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, электрондық тіркеу – мәміле нотариат куәландырғаннан кейін бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеден құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне автоматты түрде түсетін құқық белгілейтін құжаттардың электрондық көшірмесі негізінде жүзеге асырылатын, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды міндетті электрондық тіркеуді енгізу: мәміленің ашық өтуін, алаяқтық іс-әрекеттерден кепілдік берді,әкімшілік кедергілерді азайтты, ол өз кезегінде жемқорлық тәуекелдің болмауына алып келді,қызмет берушімен байланысты жоққа шығарды, тіркеу мерзімін 1 күнге қысқартып, құжат айналымының төмендеуін қамтамасыз етті.

Электрондық тіркеу — жылжымайтын мүлікке құқықтың сенімді қорғауы болып табылады.

Жамбыл облысы Әділет департаментінің

бас маманы Ж.Е. Асанбаев

Leave A Reply

Your email address will not be published.